Тұмау, ЖРВИ, коронавирустық инфекцияның алдын алу



Тұмау, ЖРВИ, коронавирустық инфекцияның алдын алу

Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде тұмау вирустарының және басқа да респираторлық вирустардың айналымы көбейіп, олар адамнан адамға ауа-тамшы жолымен тез жұғып, халықтың жаппай сырқаттануын оның эпидемиялық деңгейіне дейін туындатады. Тұмау және ЖРВИ ең көп таралған инфекциялық аурулардың қатарына жатады, олардың үлесіне жыл сайын тіркелетін инфекциялық сырқаттану көрсеткіші 90-95% - ға дейін келеді. 

Қостанай жоғары медициналық колледжінде оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер арасында тұмаудың, ЖРВИ және covid-19 коронавирустық инфекцияларының алдын алу, осы ауруларға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Тұмауға қарсы иммунизациялау эпидемиялық маусым басталар алдында, инфекцияның эпидемиялық таралуының басталуына қарай, адамда енгізілген препаратқа иммундық жауап қалыптасуы үшін оңтайлы мерзім қыркүйек-қараша айларында жүргізіледі. Вакцинациядан кейін егілген адамның ағзасында антиденелер 12-15 күннен кейін пайда болып, иммунинет бір жыл ішінде сақталады.  

Жеке гигиенаны сақтау респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Қолды жиі жуу - маңызды. Қол алысу, қоғамдық көліктегі тұтқалар, ұйымдардағы, қоғамдық ғимараттардағы есік тұтқалары және т.б. – мұның бәрі тұмау вирусының таралуындағы қауіп көзі болып табылады, жоғарыда аталған жалпы орындармен кез-келген байланыста болғаннан кейін қолды жуу керек. Жуылмаған қолдармен бетті ұстауға болмайды. 

Үй-жайларды жиі желдетіп, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларға ылғалды жинау жүргізу қажет. Жылу режимі туралы ұмытпаған жөн: ауа-райына сәйкес киініп, ағзаның қатты тоңуын болдырмау, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда температуралық режимді сақтау маңызды. 

Аурудың эпидемиялық таралуы кезеңінде жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ұстану, сондай-ақ жабық үй-жайларда, әсіресе халық көп жиналатын іс-шараларға қатыспауға, тыныс алу ағзаларын қорғау үшін бір реттік медициналық маскаларды пайдалануға, таза ауада жиі болуға тырысу қажет.  

Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау, коронавирустық инфекцияның, тұмаудың және ЖРВИ-дің алдын алу бойынша ұсыныстарды орындау денсаулықты сақтауға, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ