«Біз АПВ-на қарсымыз» ұранымен флешмоб
Басты -> Жаңалықтар -> «Біз АПВ-на қарсымыз» ұранымен флешмоб
2020 жылдың 3 наурызында Қостанай жоғары медициналық колледжінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациясы Дүниежүзілік күніне орайластырылған «Біз дені сау болашақ үшін» ұлттық бағдарламасының аясында 203 «Мейіргер ісі» және 104 «Емдеу ісі» тобының студенттері қатысқан «Біз АПВ-на қарсымыз» ұранымен флешмоб өткізілді. Колледждің спорт алаңында оқытушы А.С.Журперовтың АПВ ауруы туралы, вирус несімен қауіпті және қалай қорғану керектігі жөніндегі ақпараты тыңдалып, кейін 203 «Мейіргер ісі» тобының студенті Климентьева Дарьяның жетекшілігімен студенттер би биледі.