Ақпараттық коммуникациялық және заманауи педагогикалық технологияларды пайдаланумен оқу конференциясы формасындағы ашық аудиториялық сабақ



Ақпараттық коммуникациялық және заманауи педагогикалық технологияларды
пайдаланумен оқу конференциясы формасындағы ашық аудиториялық сабақ

2019 жылдың 4 қазанында арнайы пәндердің оқытушысы К.Ю.Лапатиева 106 «Мейіргер ісі» «Қолданбалы бакалавр» тобында «Мейіргер ісінде зерттеулерді жоспарлау және өткізу принциптері» пәнінен «№2 Рубеждік бақылау» тақырыбында ақпараттық коммуникациялық және заманауи педагогикалық технологияларды пайдаланумен оқу конференциясы формасындаашық аудиториялық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты–мейіргер ісі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің принциптері мен әдістері туралы білімдерін тексеру.

Сабақтың барысында студенттер танымдық қызығушылық танытып, әрбір сөз сөйлеуден кейін пікірталасқа белсенді қатысып отырды, жалпы алғанда пән бойынша жоғары білімдерін және дағдыларын көрсетті.

Конференция барысында оқытушы диалогты танымдық іс-әрекетті жүргізу әдісі ретінде шебер пайдаланып, сыни ойлауды дамытуға ықпал етті және студенттердің жұмысқа қабілеттіліктерін жақсы қолдап отырды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ