Қазақстандағы еңбек күні



Қазақстандағы еңбек күні

2020 жылдың 25 қыркүйегінде бірінші курс студенттерінің кураторлары еңбек күніне арналған ақпараттық сағаттар өткізді. Елімізде 2014 жылдан бастап Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбек күні аталып өтіледі.

Топ кураторлары мереке еңбек ететін адамның қоғамдағы беделін арттыруға, жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғыртуға және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсінуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, бірінші курс студенттеріне өз елі үшін үлкен үлес қосқан медициналық колледж түлектерінің еңбек ерлігі туралы презентация көрсетілді. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медициналық қызметкерлердің Ауғанстандағы интернационалдық ерліктерін орындаудағы және қазіргі қиын уақытта коронавируспен күрестегі еңбегі.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ