Бірінші курс студенттерінің әкімшілікпен кездесуі


Бірінші курс студенттерінің әкімшілікпен кездесуі

4 қыркүйектен 9 қыркүйекке дейін Қостанай жоғары медициналық колледжінде барлық мамандықтардың 1 курс студенттерімен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша онлайн кездесу өткізілді. 

Кездесудің басты мақсаты - бірінші курс студенттерін колледждің инфрақұрылымымен және жұмысымен таныстыру болды.  

Кездесуге колледж директоры Оспанова Айгерим Кайровна, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жарматова А.А., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Русинова Е.А. және бірінші курстардың кураторлары қатысты. 

Кездесудің басында амандасу және құттықтау сөзімен колледж директоры сөз сөйледі. 

Әңгіме барысында келесі сұрақтар қарастырылды: колледж жұмысының жүйесі, оқу үрдісі, емтихан сессиясын өткізу, сонымен қатар степендиялық комиссиясының ережесі, студенттік өзін-өзі басқару туралы ақпараттармен таныстырылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы қозғалды. Білім алушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ