Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні



Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Всем, кто клеймен был статьёю полсотни восьмою,
кто и во сне окружён был собаками, лютым конвоем,
кто по суду, без суда, совещаньем особым
был обречён на тюремную робу до гроба,
кто был с судьбой обручён кандалами, колючкой, цепями,
им наши слезы и скорбь, наша вечная память!

Жыл сайын Қазақстанда 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күнін атап өтеді. Бұл Сталин кезеңдегі жазықсыз мерт болған зиялылар өкілдерін, олардың әйелдерін және балаларын еске алу күні. ХХ ғасырда Қазақстан аймағында ең ірі лагерьлер орналасқан болатын ГУЛАГ - АЛЖИР, Степлаг, Карлаг. Республика іс жүзінде бір үлкен түрмеге айналып кетті. Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан лагерьлеріне 5 млн. аса адам жіберілген.  

1930-1940 жылдары ішінде Қазақстанға бірқатар ұлттардың жаппай депортациялары да жүргізілген болатын. 1937 жылының күз мезгілінде жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, курдтар және әзірбайжан халықтары республикамызға көшірілді. Осымен қатар Ұлы Отан Соғысы жылдарында елімізге немістер, гректер, чечендер, ингуштар, карашайдар, балқардар, крым татарлары және басқа халықтардың депортациясы да жүргізілді. Олардың саны 1 млн. 200 мың адам болып есептеледі. 

Соғыс жылдарында халықтардың зорлықшыл көшірілуі күшейтілді. Халықтың жалған жаулармен жүргізілген күріс көптеген концлагерьлердің құрылуына себепші болды (Карлаг - Қарағанды лагері, Степлаг - Дала лагері, АЛЖИР - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері), республикамыздың көптеген аймақтары тікенді сыммен қоршалып, әскери бөлімшелермен қорғалды. Әлемде АЛЖИР секілді лагерьлер болған жоқ, онда әйелдер адамгершіліксіз жағдайларда тұруға мәжбүр болған. АЛЖИР-дің барақтарында 18 мыңнан аса әйел қамауда отырған. Кустанай медициналық училищесі түлектерінің аға ұрпағы саяси айыптау бойынша Қостанайға ұшыраған оқытушыларын әлі де естерінде сақтап жүр.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ