15 мамыр - Халықаралық отбасы күні



15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күні (International Dayof Families) 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Осы жылы БҰҰ Ассамблеясы 15 мамыр Отбасы күнін (International Family Day) тойлау жөнінде хабарлады 

Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.  

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. 

Отбасының арқасында мемлекет дамып, өркендейді, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарады.  

Халықаралық отбасы күніне орай «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК-да «История одной фотографии» презентациялар конкурсы өтіп, колледждің 8 тобы қатысқан болатын. Бағалау шарттары конкурстың ережесінде жазылған. Жеңімпаздарды конкурстың ұйымдастырушылары сертификаттармен марапаттады. 

Конкурстың барлық қатысушыларына колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ