Колледж түлектерінің Меңдіқара ауданының әкімімен, бас дәрігерімен және "Заря" АҚ-ның басшысымен кездесуі



Колледж түлектерінің Меңдіқара ауданының әкімімен, бас дәрігерімен
және "Заря" АҚ-ның басшысымен кездесуі

Кәсіптік бағдар жұмысы және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында 30.01.2020 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының түлектерінің Меңдіқара ауданының әкімі Н.Ж.Катарбековпен, Меңдіқара АОА бас дәрігері М.В.Гизбрехтпен, «Заря» АҚ-ның басшысы А.П.Климкомен, бас мейірбике А.А.Балтабаевамен кездесулері өтті. 

Кездесуге колледж директоры А.К.Оспанова қатысып, денсаулық сақтаудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол студенттерді қиындықтан қорықпауға және ауылдық денсаулық сақтауда тәжірибе жинауға шақырды. 

АОА-ның бас дәрігері Гизбрехт М.В. біздің түлектерді Меңдіқара аураханасының жетістіктерімен таныстырып, медициналық мамандарға ұсынылатын әлеуметтік пакет жайында айтып кетті. Меңдіқара ауданының әкімі Н.Ж.Катарбеков студенттерді ауылға жұмыс істеуге шақырып, қолдау көрсетуге сөз берді.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ