«ЖАСАСЫН ҚАЗАҚСТАН!» интеллектуалдық викторинасы
Басты -> Жаңалықтар -> «ЖАСАСЫН ҚАЗАҚСТАН!» интеллектуалдық викторинасы
2019 жылдың 12 желтоқсанында Қостанай жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 101, 102, 103, 104 бірінші курс студенттері арасында №7 ЦӘК онкүндігінің аясында және ҚР-ның Тәуелсіздік Күніне арналған «ЖАСАСЫН ҚАЗАҚСТАН!» интеллектуалдық викторинасы өтті.
Интеллектуалдық ойын барысында студенттер «Біздің мерекелер», «Барлығы Қазақстан жайында», «Есімдер», «Жұмбақтар», «Қазақстанның рәміздері», «Полиглот» секторлар бойынша сұрақтарға жауап берді. Әділ қазылар студенттердің үштілділік білімдерін бағалады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 101 Емдеу ісінің «Мы дети медицины» командасы 1 орынға ие болды, 103 Емдеу ісі тобының «Пульс» командасы және 104 Емдеу ісі тобының «Сұңқар» 104 командасы 2 орынға ие болды. 102 Емдеу ісі тобының «Бэмс» командасы 3 орынға ие болды.