Әрқайсысы білуі қажет



Әрқайсысы білуі қажет

Қостанай жоғары медициналық колледжі «non stop» режимінде шұғыл көмек көрсету негіздері бойынша тұрғындарды оқытуды жалғастыруда. «НИТ» АҚ, «Туто-круто» көңіл-көтеру орталығының қызметкерлері, облыстың білім беру ұйымдарының оқытушылары мен мұғалімдері, балалар спорт секцияларының жаттықтырушылары, тіпті косметологтар практикалық тренинг-семинардан өтті. Студенттер де шетте қалған жоқ. Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері «Шұғыл көмек көрсету. Мектепке дейінгі жастағы балалардағы ерекшеліктер» мастер-класына белсенді қатысты. 

Қостанай облысының ПД полиция қызмет басқармасының патрульдік полиция ротасының 45 қызметкері және «ДОС» Қостанай іздестіру-құтқару жасағының 19 волонтерлары шұғыл жағдайда сауатты әрекет етуге үйренді. Жоғары біліктілік санатты оқытушы И.Н.Воронцова жарақаттану, үсу, есінен танып қалу кезінде шұғыл көмек көрсетуді үйретті, кенеттен жүрек тоқтап қалған кезде жүрек-өкпелік реанимацияны жасау керектігін көрсетті. 

Қостанай облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен сабақты жоғары біліктілік санатты оқытушы Е.А.Радзицкая жүргізді. Департаменттің 33 қызметкері өмірде және кәсіби қызметтеріне қажетті шұғыл көмек көрсету бойынша дағдыларды қызығушылықпен меңгерді. Сабақтар заманауи тренажер-симуляторлардың және қосалқы жабдықтардың көмегімен өткізіледі: қан кетуді тоқтататын құралдар, шиналар, таңы материалы, автоматты дефибриллятор және т.б.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ