"Қазіргі заманның біртуар көшбасшысы"
Басты -> Жаңалықтар -> "Қазіргі заманның біртуар көшбасшысы"
2019 жылдың 28 қарашасында ҚЖМК-нің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тарихи подиум өтті. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының көшбасшысы - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы, біздің елеміздің тәуелсіздік жылдарында қолжеткізген жетістіктері жайында білімдерін кеңейту және тереңдету болды. Сонымен қатар студенттерде ұлт Көшбасшысына тұлға ретінде танымдық қызығушылықтарын жандандыру, жастарда Елбасына құрмет сезімін қалыптастыру; тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі туралы әдебиеттерді насихаттау. Іс-шара барысында «Назарбаев – человек-эпоха» видеоролигі көрсетіліп, «Болашаққа Елбасымен бірге. В будущее с нашим Елбасы» кітап-журнал көрмесіне шолу жасалынды, сонымен қатар студенттер викторинаның сұрақтарына белсенді жауап берді.