"Медицина, фармацевтика" бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы



"Медицина, фармацевтика" бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы

15.11.2019 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжі базасында «2019 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартын жүзеге асырудың барысы туралы» ҚР ДМ ғылым және адами ресурстар департаменті директорының қатысуымен дөңгелек үстел форматындағы "Медицина, фармацевтика" бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында қарастырылған негізгі сұрақтар:

""2019 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартын жүзеге асырудың барысы туралы. Проблемалар және оны шешу жолдары" - Рузденова Н.Б., "Медицина, фармацевтика" бағыты бойынша ОӘБ төрайымы

"Медициналық білімнің бағдарламасы бойынша колледж түлектерінің білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалаудың қорытындылары, перспективалары және жетілдіру жолдары" – Асан О., «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» «ҰТЕО» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымының орынбасары.

Сәлемдесу сөзімен ҚР ДМ ғылым және адами ресурстар департаментінің Директоры Сыдыкова С.И. сөз сөйлеп, республикалық ОӘБ қатысушыларымен амандасып, 2019 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартын жүзеге асыру сұрақтары жөнінде қабылданатын шешімдер мен студенттердің білімдерін тәуелсіз бағалау маңыздылығын атап кетті.

Рузденова Н.Б., "Медицина, фармацевтика» бағыты бойынша ОӘБ төрайымы, Мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асырудың басты проблемаларына тоқталып, осы проблемаларды қалай шешу керектігін талқылауды ұсынды.

Талқылау барысында Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің директорлары мен өкілдері МЖМБС жүзеге асыру жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты. Соның ішінде Қостанай жоғары медициналық колледжінің директоры Катпенова С.А., «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша қорытынды аттестаттауды бейінді пәндер бойынша өткізуді ұсынды. ОӘБ төрайымының орынбасары Кадышева И.В. шетелдік жаттықтырушыларды жұмылдырмау үшін, менторларды оқытуға арналған бағдарламаны әзірлеуді ұсынды. Өскемен жоғары медициналық колледжінің директоры Ахмадиев А.А., түлектерді мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастыру сұрағын көтерді. Бұл мәселені жас мамандарда ынтаның жоқтығымен байланыстырады, сондықтан олар жеке мед.ұйымдарға жұмысқа орналасады деп есептейді.

Сонымен қатар медициналық білімнің бағдарламасы бойынша колледж түлектерінің білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалаудың қорытындылары, перспективалары және жетілдіру жолдары талқыланды. «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» «ҰТЕО» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымының орынбасары Асан О. өз баяндамасын оқыды. Республикалық жоғары медициналық колледжінің консультант-әдіскері Нурланова Р.Б., «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған тәуелсіз бағалауды енгізу сұрағын қолдады. Дипломдық жұмысты кафедрада қорғап, тәуелсіз бағалаудың барлық кезеңдерін бір бейінді пән бойынша қарастыруды ұсынды.

ОӘБ отырысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды:

1. Қазақстанның мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық колледждерінің директорларына:

Клиникалық базалардың жетекшілерімен және жетекші мамандарымен бірлесіп білім алушылардың сапалы кәсіби практикадан өтуін қамтамасыз ету, ол үшін:

1.1. Практикалардың түрі бойынша манипуляциялардың көлемі мен саны көрсетілген оқу бағларламаларына сәйкес денсаулық сақтаудың бейінді ұйымдарында кәсіптік және өндірістік практикадан өтуді қамтамасыз ету
1.2. Клиникалық практикадан сапалы өту мақсатында білім алушылардың санын ескере отырып, оқудан немесе сертификаттау өткен тәлімгерлерді/менторларды тағайындау
1.3. Үш орындық әдісі бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен рецензиялауға және білім алушылардың білім мен іскерліктерін бағалауға жұмыс берушілерді жұмылдыру
1.4. Практика базасы практиканы өткізу үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс және қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе және жұмыс нұсқаулығын өткізуі қажет.
1.5. Клиникалық базалармен келісім шарттарды қайта қарастырып, қызметтер мен міндеттерді мұқият нақтылау (оқу орны- клиникалық база - білім алушы).
1.6. Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы бойынша оқытушыларға арналған оқыту семинарын өткізу
1.7. Практиканың әдістемелік жетекшілерінің, ментор тәлімгерлерінің қызметтерінің көрсеткіштеріне (KPI) клиникалық практикаларды өткізу, жұмыс тиімділігі, білім алушылардың білім және іскерлік нәтижері бойынша индикаторлар енгізу

Орындау мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін;

2. "Медицина, фармацевтика" бағыты бойынша ОӘБ төрайымы Н.Б. Рузденоваға:

2.1. 2019-2020 оқу жылыныі 1 қыркүйегінен бастап білім беру үрдісіне кредиттік-модульдік жүйені енгізу
2.2. 2020 жылдың мамыр айында орта медициналық білім беру жүйесіне кредиттік-модульдік технологияны енгізу нәтижелері бойынша жұмыс жиналысын өткізу
2.3. ОӘБ мамандықтар бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын, силлабустарды, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, білім алушылардың өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу бойынша жұмысты күшейту
2.4. Өзіндік жұмысты орындау бойынша білім алушыларды қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету
2.5. ОӘБ отырыстарында білім алушыны бағалау процедурасы, оқыту нәтижесін бағалау сұрақтарын қарастыру және ұсыныстар жобасын әзірлеу.

Орындау мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін.

3. 3 ж 6 ай және 1 ж 6 ай оқыту мерзімімен 0302054 "мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" біліктілігімен 0302000 "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша дайындық жүргізетін жоғары медициналық колледждердің директорларына:

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан РЕспубликасының білім және ғылым министрінің 18 наурыздағы № 125 бұйрығына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, «Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2019 жылғы 23 сәуіріндегі №46 бұйрығына сәйкес 3 ж 6 ай және 1 ж 6 ай оқыту мерзімімен 0302054 "мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" біліктілігімен 0302000 "Мейіргер ісі" мамандығының түлектеріне арналған дипломдық жұмысты қорғау және қорытынды аттестаттауды жүргізуді қайта қарап шығу.

Орындау мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ