Жанұяға- 19 жыл!!!
Басты -> Жаңалықтар -> Жанұяға- 19 жыл!!!
22 қазанда Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері 19 жылдық туған күні мен Қамқоршы күні қарсаңында отбасылық «Жанұя» балалар үйінің қонақтары болды.
Жанұя тәрбиеленушілерінің күшімен көңілді мерекелік концерт ұйымдастырылған: балалар ән салып, би билеп, тақпақтар айтты! Қонақтар жас әртістерге қошемет көрсетті!
Туған күнде сыйлық сыйлау керек, сондықтан Қостанай жоғары медициналық колледжінің педагогтар мен студенттер ұжымының атынан және ұзақ жылдар бойы достықтың белгісі ретінде педагог-ұйымдастырушы Сулейменова Балдырган Кужановна «Жанұя» директорына тәрбиеленушілерге арналған құнды кітаптар сыйлады. Студенттер әдемі өзбек биін сыйға тартты.