«Студенттер қатарына қабылдау - 2019»



«Студенттер қатарына қабылдау - 2019»

2019 жылдың 8 қарашасында Қостанай жоғары медициналық колледжінің бірінші курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі өтті. Дәстүрлі іс-шара осы жылы ерекше болды, себебі 2019 жыл Қостанай жоғары медициналық колледжі үшін мерейтой жылы. 90 жыл бұрын алғаш рет фельдшерлік-акушерлік мектеп студенттер үшін өз есіктерін ашқан болатын! Сондықтан дәл осы күні балалар шығармашылығының Қалалық мектебінің залы қонақтарға толы болды, мерекеге колледж ардагерлері, колледж қызметкерлері мен студенттері шақырылды. Ал мерекенің сыйлы қонағы 2016 жылғы түлек Дөненбаева Айя және бірінші курс студенттері болды!

Сағат тура 15.00-де көрермендердің қошеметтерімен мереке жоғарғы курс студенттерінің көңілді флеш-мобынан басталды. 

Мед! мы любим тебя !!!- мереке дәл осы ұранмен өтті. Соның дәлелі ретінде жоғары курс студенттері көңілді концерттік нөмірлерді көрсетті. Оның ішінде әзіл араласқан үнді биі, махаббат туралы лирикалық ән және би, Қазақстан мен сүйікті қала туралы әсем ән, көрермендерді терең ойға шомылдырған монолог та болды. Сонымен қатар КВН командасы өнер көрсетіп, ретро-би мен бірінші курстардың дебюттары болды. 

Осы күні бірінші курс студенттері колледждің белсендісі болу қандай маңызды және көңілді екендігін түсінді. Себебі мерекелік концерт толықтай 2 және 3 курс студенттерінің күшімен әзірленген болатын. Жаңадан қабылданған студенттерді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жарматова Айнагуль Алтынбаевна, сонымен қатар мерекенің құрметті қонағы - 2016 жылғы түлек, облыстық балалар ауруханасының реанимация мейірбикесі Дөненбаева Айя құттықтады! Айя қиын жағдайда ержүректік танытып, Рудный-Қостанай трассасында адам өмірін ажалдан алып қалды. Залдағы көрермендер орындарынан тұрып қол шапалақтады!

Осы күні дәстүрлі түрде бірінші курс студенттері бөлім меңгерушілерінің қолынан сынақ кітапшаларын алып, тәлімгерлерінен құттықтау сөздерін естіді. Бірінші курс студенттері ант қабылдап, оқытушылар мен достарының алдында білім алып, колледждің дәстүрін сақтауға ант берді. Залда көтеріңкі көңіл-күй болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ