Дүниежүзілік инсультпен күресу күні



Дүниежүзілік инсультпен күресу күні

Жыл сайын 29 қазанда барлық елде дүниежүзілік инсультпен күресу күнін атап өтеді. Бұл күннің тарихы 2004 жылдан бастау алады. Осы күні Дүниежүзілік Ұйым инсультты жаһандық эпидемия деп жариялап, 2006 жылы Дүниежүзілік Ұйым 29 қазан күнін инсультпен күресу күні етіп белгіледі. Осы күні артериялық гипертония мен инсульттың алдын алу туралы оқыту семинарлары, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тұрғындарға арналған әртүрлі акциялар ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік инсультпен күресу күні аясында «Қостанай жоғары медициналық колледжінің» 302 «Мейіргер ісі» тобының студенттерімен «Актуальные вопросы реабилитации на дому больных перенесших инсульт» және «Эргономические средства по самоуходу» тақырыптарында сабақ өткізілді. Қазіргі таңда инсульпен сырқат науқастар үй жағдайларында өздеріне күтім көрсете алатын эргономикалық құралдар шығарылуда. Бұл іс-шара осы ауру туралы студенттерді ақпараттандыруға бағытталған. Аталған ауру қазіргі күнге дейін көптеген өлімдер мен мүгедектіктің себебі болуда. Салауатты өмір салты (темекіден бас тарту, ішімдікті көп ішпеу немесе тіпті пайдаланбау, қалыпты дене салмағын сақтау, күнделікті дене жаттығулары және үйлестірілген диета) қанайналым жүйесінің ауруын болдырмауға көмегін тигізеді.

Қолданбалы бакалавриат бөлімінде «Орталықтандырылған мейіргерлік күтім және дәлелденген практика» пәннің аясында «Инсультпен сырқат науқасты оңалтудағы мамандандырылған мейіргерлік күтім» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта болашақ бакалаврлар инсульттың негізгі белгілерін, сондай белгілер кезіндегі жасалынатын шаралар, сонымен қатар алдын алуды бекітті.

Сонымен қатар сабақта оңалту шаралары қарастырылды. Егер нейро оңалту ертерек басталса, адамның бұрынғы өміріне қайта оралу мүмкіндігі көбірек болады. Заманауи оңалтуға эргономиканың әртүрлі құралдары кіреді, сабақ барысында қолданбалы бакалавриат бөлімінің студенттері сол құралдарды белсенді қолданды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ