Облыстық жедел шұғыл көмек көрсету станциясындағы «Ашық есіктер күні» іс-шарасы



Облыстық жедел шұғыл көмек көрсету станциясындағы «Ашық есіктер күні» іс-шарасы

23 қазанда 201 және 202 «Емдеу ісі» тобының студенттері үшін облыстық жедел шұғыл көмек көрсету станциясында «Ашық есіктер күні» іс-шарасы өткізілді. Жедел көмек көрсету станциясының қызметкерлері студенттерді, оқытушыларды және директор Катпенова Сауле Атантаевнаны жарқын жүзбен қарсы қарсы. Бас дәрігер Штейгервальдт Ирина Анатольевна жедел көмек көрсету станциясының реформасымен және құрылысымен таныстырып, жедел көмек көрсету көлігінің қозғалысын бақылап отыратын «Навигатор» жүйесі туралы айтып кетті. Бас фельдшер Стасин Сергей Владимирович дәрілер формулярымен, көліктердің заманауи жабдықтармен және аппараттарымен таныстырып кетті. Студенттер шақыртуға және дабыл қосылған көлікпен шақыртуға баруға қатысты. Студенттерге арналған «зардап шегушілерді» тасылмалдау бойынша, жабдықталған сөмке мен ӨЖЖ аппаратын қабаттарға көтеру жылдамдығына конкурстар ұйымдастырылған. Фармакология, физиология бойынша Жунербаев Арман, Ярославцев Валентин жақсы білімдерін көрсетті. Беккулинов Алишер, Филатов Дмитрий, Штрипова Владислава, Некрасов Валерий күштілікті, жылдамдық пен шыдамдылықты көрсете білді. Барлық жеңімпаздарды тәтті сыйлықтармен марапаттады. Кездесу бір дастарқанның басында шай ішумен аяқталды. Колледж директоры Сауле Атантаевна жедел көмек көрсету станциясының бас дәрігері мен қызметкерлерін колледжбен үнемі және тиімді серіктестіктері үшін алғыс білдірді. 

 Дастарқан басында студенттер жедел көмек көрсету станциясынан алған әсерлерімен бөлісті. Көбісінің станцияда болғаннан кейін болашақ мамандықтарын дұрыс таңдағандарына көздері жетті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ