«Назар аударыңыздар!» дабылы бойынша жаттығу
Басты -> Жаңалықтар -> «Назар аударыңыздар!» дабылы бойынша жаттығу
2019 жылдың 21 қазанында колледжде «Назар аударыңыздар!» дабылы бойынша объективті жаттығу өтті.
Объективті жаттығу барысында төтенше жағдай туындағанда қорғану амалдарын практикалық меңгеруге көңіл бөлінді.
Объективті жаттығу уақытында орындалды, мақсаттар мен міндеттер жүзеге асырылды. Білім алушыларды эвакуациялау бойынша колледж әкімшілігі, қызметкерлер және колледж студенттері өздерінің білімдерін көрсетіп, міндеттерін толық орындай білді. Объективті жаттығу барысында жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды.
Барлығы 437 адам қатысты.