Предупредить проще, чем исправить!!!



Предупредить проще, чем исправить!!!

22.10.2019 ж. 303 МІ тобының студенттерімен Дүниежүізілік сүт бездерінің обырын ескерту күніне арналған семинар өткізді.  

Жыл сайын сүт бездерінің (СБ) обыры 1 миллионға жуық әйелдерге зиян келтіріп, сырқаттанған екінің бірі қазаға ұшырайды. Егер ауруды ерте кезеңде анықтаса барлық жағдайдың 90-95% емделеді. Сондықтан алдын алудың маңызын түсіну қажет. Әрбір әйел өзінің төсіне күтім көрсетіп, дер кезінде онкология симптомдарын анықтауды білуі қажет.  

Студенттер СБ обырының алдын алуымен және өз-өзіне диагностика жасаудың ережелерімен танысты, себебі уақытында анықталған сырқаттан толық емделу мүмкіндігі көбірек. 

Кез-келген сыртқы және ішкі өзгерістерге көңіл аудару қажет!!! 

Маммологқа көрінуді созбаған жөн!!!

Уақытында емдеу жүргізілсе, өмірді сақтап қалуға септігін тигізеді!!!

СБ обырының алдын алу:
• дұрыс тамақтану;
• 30 жасқа дейін алғашқы баланы туу;
• емшекпен емізу;
• дұрыс таңдалған көкірекше;
• салауатты өмір салты;
• зиянды әдеттерден бас тарту;
• менопауза кезінде гормондық препараттардан бас тарту;
• Д дәруменін пайдалану;
• күйзелістермен күресу;
• төс бұлшықеттерін нығайтуға арналған гимнастика;
• артық салмақпен күресу.

Өз-өзіне диагностика жасаудың ережелері:
• Айнаның алдында төстің формасын, емшек ұшының сыртқы жағдайын қарау.
• Екі қолды жоғары көтеріп, төсті мұқият алдынан және екі жақтан қарау.
• Үш саусақпен ареоланың үстінен басып, айналдыру қозғалысы арқылы ісіктердің бар-жоқтығын тексеру (төстің толық айналасына пальпация жасау).
• Емшек ұшын бас бармақпен және сұқ саусақпен қысу қажет. Сұйықтық бөлінуін тексеру.
• Жатқан қалыпта әрбір кеудеге пальпация жасау.
• Қолтық тұсындағы лимфатүйіндерді екі саусақпен басып көру.
• Әрбір тексеруді мұқият және асықпай орындау қажет.

Келесі өзгерістерге көңіл аудару қажет:
• емшек ұшынан шығындылар (қан араласқан және іріңді);
• басқан кездегі ауырсыну;
• ареоланың құрылысының, формасының және түсінің өзгеруі;
• төстің формасының және түсінің өзгеруі;
• тері жамылғыларының тым құрғақтығы және бүрісуі;
• лимфатүйіндерінің үлкеюі;
• без тіндерінің тығыздалуы.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ