Жалпы колледждік ата-аналар жиналысы



Жалпы колледждік ата-аналар жиналысы

12 қазанда жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтіп, оған колледж әкімшілігі мен оқу топтарының кураторлары қатысты. 

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Е.А.Русинова амандасу сөзімен сөз сөйлеп, ата-аналарды 2019-2020 оқу жылына арналған жоспармен таныстырды. Балаларының сабаққа қатысуын және сессияға дайындықтарын қадағалауға шақырды. 

Студенттердің білімдерін тәуелсіз бағалау сұрағы бойынша практикалық оқыту меңгерушісі И.Е.Романюк сөз сөйледі, ол ата-аналарды аталған процедураның Ережелерімен және өткізу тәртібімен таныстырды. 

Бөлім меңгерушілері бөлімдегі ағымдағы жұмыстар жайында айтып кетті: бөлімнің құрамы, білім алушылар саны, ерекше үлгідегі дипломға үміткерлер саны, сонымен қатар тәртіп, сабаққа кешігу сұрақтары қарастырылды, қосымша сабақтарды өткізу жайында айтылып, белсенділерді атап кетті.  

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрағын көтерді: ақылы және бюджеттік формадағы студенттерді оқыту шарттары туралы ақпаратты ұсынды. Ата-аналарды студенттер арасында колледждегі сыбайлас жемқорлық элементтерін анықтау жөнінде жүргізілген сауалнамалардың нәтижесімен таныстырды. Сауалнамада студенттер сыбайлас жемқорлық не екендігін білетіндерін және ондай жағдайды кездестірмегендерін белгілеген.  

Жалпы колледждік жиналыс аяқталған соң, ата-аналар топ кураторларымен оқу аудиторияларына барып, балаларының оқу үлгерімімен танысты, кейін колледж бойынша экскурсия болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ