«Жастар донорлық үшін» акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Жастар донорлық үшін» акциясы
Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері мен қызметкерлері «Облыстық қан орталығы» КМК-нің өтінішіне жауап қайтарып, донорлық күніне қатысты. 2019 жылдың 8 қазанында колледж қабырғасында «Жастар донорлық үшін» акциясын өткізді.
Осы күні акцияға қатысып донорлық қан тапсыруға 86 адам қатысты.
Өзінің бір бөлшегін беріп басқа адамның өмірін құтқарған жағдайда, адамгершілікке пайдасын тигізгенін есте сақтауы тиіс.