Бірінші курс студенттеріне арналған танысу интерактив сағаты!



Бірінші курс студенттеріне арналған танысу интерактив сағаты!

2019 жылдың 13 қыркүйегінде Қалалық мәдениет және демалыс саябағының би алаңында ине шаншитын орын болған жоқ!  

Колледждің жоғары курс белсенділері: Байтурсунов Султан, Позднякова Настя, Климентьева Даша, Войцех Оля, Ватрас Аня және Шамшин Нариман бірінші курстың 9 тобын бірге жинап, олармен танысу интерактив сағатын өткізді. Шамамен 200 адам бірге би билеп, танысу, ұжымның ауызбіршілігіне және көшбасшыны анықтауға әртүрлі ойындар ойнады.

Іс-шараның соңында белсенділер «Суперпервокурсник» және «Суперпевокурсница» атағына таласуға дайын қыздар мен ұлдарға батл ұйымдастырды. Көпшіліктің шешімі бойынша жеңімпаздар 102 «Емдеу ісі» тобынан Акбасов Ержан және 101 «Емдеу ісі» тобынан Альжанова Зарина болды, сонымен қатар 101 «Мейіргер ісі» тобынан Билисбаев Достан және 101 «Стоматология» Долинян Алексей студенттері тәтті сыйлықтарға ие болды.

Студенттік өзін-өзі басқарудың көшбасшылары бірінші курстарға сәттілік тілеп, аз уақытта Қостанай жоғары медициналық колледжі екінші үйлеріне, ал студенттік өмір қызықты болатынына сенім білдірді!

 


 

СКАЧАТЬ Интерактивный час знакомства для первокурсников 2019_09_13 (123 фото)













«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ