Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиналыс!



Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиналыс!

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай жоғары медициналық колледжінде жаңа оқу жылы басталды! 2019 жылдың қараша айында колледж өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Дәстүрлі түрде осы күні білім күні мен жаңа оқу жылының басталауына арналған салтанатты жиналыс өтті. Бірінші курстарды колледж директоры - Катпенова Сауле Атантаевна құттықтап, оларға оқу мен кәсіби қызметтеріне сәттілік тіледі. Бірінші курс студенттерінің өмірлеріндегі жаңа кезеңмен әкімшілік атынан директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жарматова Айнагуль Алтынбаевна құттықтады, ал бөлім меңгерушілері осы жылы оқуға түскен студенттер сақталған дәстүрді жалғастырып, өздерінің жетістіктерімен колледждің атын шығаратындарына сенім білдірді.

Бірінші курс студенттерін бітіретін топтардың атынан оқу озаты, активист, «Жас кәсіпқойлар» WorldSkills Kazakhstan – 2019 Аймақтық чемпионатының жеңімпазы Байжарасова Сания құттықтады, жаңадан қабылданған студенттерге өздерінің мақсаттарына жетуге тырысуға, оқу мен белсенді студенттік өмірді қатар алып жүруге тілек білдірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы қоңырауды ең көп ұпай жинаған талапкер соғады. Осы жылы бұндай мәртебе «Стоматология» мамандығының 101 топ студенті Зонов Никитаға бұйырды. Ол Саниямен бірге алғашқы қоңырауды соғып, жаңа оқу жылының басталғанын барлығына мәлімдеді.

Мерекенің жүргізушілері Байтурсунов Султан және Хан Юлия салтанатты жиналысты өздерінің музыкалық номерлерімен көркейте түсті.

Жиналыс аяқталған соң бірінші курс студенттері кураторларымен бірге алғашқы кураторлық сағатқа аттанды!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ