"Болашағыңды бүгін таңда!" акциясы



"Болашағыңды бүгін таңда!" акциясы

2019 жылдың 27 маусымында мектеп оқушыларына арналған «МАRT» СКШ жанында өткен "Болашағыңды бүгін таңда!" акциясының соңғы күні өтті. Аталған акцияның мақсаты – мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кәсіби білім беру ұйымын таңдауға көмектесу, яғни жастарға, мектеп оқушыларына, абитуриенттерге және студенттерге оқу орны мен мамандықтар жайында дұрыс ақпарат беру.

ҚЖМК еріктілері 201 м/і тобының студенттері «МАRT» СКШ жанындағы адамдарға буклеттер-визиткалар таратты. Еріктілердің міндеті 15-20 шамасындағы жасөспірімдерге ақпаратты жеткізу болды. Жастар қызығушылық танытып, ұсынған ақпарат қағаздарын алып, сұрақтарын қойды.

«101 м/і» тобының еріктілері акцияны өткізу барысында бейтаныс адамдармен жақсы көңіл-күйлерімен бөлісіп, тиісті ақпараттарды жеткізді.

Барлығы 40 дана буклет-визитка таратылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ