"Болашағыңды бүгін таңда!" акциясы



"Болашағыңды бүгін таңда!" акциясы

14 маусымда Қостанай жоғары медициналық колледжінің еріктілері Қостанай қаласының орталық бөлігінде облыстық әкімдіктің алдынан бастап, «МАRT» және «ЦУМ» СКШ жанында аяқталған "Болашағыңды бүгін таңда!" акциясын өткізді. Аталған акцияның мақсаты – мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кәсіби білім беру ұйымын таңдауға көмектесу болды.

Көшеде еріктілер 15-20 шамасындағы жасөспірімдерге буклеттер-визиткалар таратты, жастар қызығушылық танытып, ұсынған ақпарат қағаздарын алып, сұрақтарын қойды.

«101 м/і» тобының еріктілері акцияны өткізу барысында бейтаныс адамдармен жақсы көңіл-күйлерімен бөлісіп, тиісті ақпараттарды жеткізді.

Барлығы 60 дана буклет-визитка таратылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ