«Бездушным в медицину нет дороги»



«Бездушным в медицину нет дороги»

«Бездушным в медицину нет дороги» деген тақырыппен Қостанай жоғары медициналық колледжінде 8 ақпанда ZOOM платформасында 1 курс студенттеріне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Онлайн кездесу «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерейтойына арналған «Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы» ақпараттық науқаны аясында өтті.  

Колледж оқытушысы Б. Сулейменова бірінші курс студенттеріне келесі сөздерді жолдады: сіздер ең ізгілікті және қиын мамандықты таңдадыңыздар, барлық уақытта медицина қызметкерлеріне ерекше құрметпен қарайды, өйткені медицина қызметкері-бұл ең алдымен жаны таза және жүрегі ашық адам! 

Азтаева А. Т., Қазақстан тарихы оқытушысы және колледж мұражайының меңгерушісі студенттерге оқу орнының 90 жылдық тарихы туралы айтып берді, әңгімесін Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің түлегі, қазақтың тұңғыш дәрігері Мұхамеджан Қарабаевтың өмірбаянынан бастады. 

Бірінші курс студенттері біздің өңір үшін маңызды оқиға - 1929 жылы алыс қазақ ауылдарында жұмыс істеген түлектер, Қостанай фельдшерлік-акушерлік мектебінің ашылуы туралы және жараланған кеңес және неміс сарбаздарын құтқарған біздің түлектеріміз, Ұлы Отан соғысының мейірбикелері халыққа жанқиярлық қызмет етудің жалғастырушылары болғандығы туралы білді. Алма Турегалиевна нағыз медициналық қызметкер адамдарды ұлтқа және саясатқа бөлмейтінін айтып кетті. 

Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеген біздің түлектеріміз осы қағиданы ұстанды, презентация слайдтарындағы фотосуреттер олармен жыл сайынғы кездесулер біздің колледжде дәстүрге айналғанын растайды. 

Қостанай облыстық ауруханасынан тікелей қосылу бірінші курс студенттері үшін нағыз сыйлық болды, олармен онлайн-кездесуге медициналық колледжінің әр түрлі кезеңдеріндегі түлектері келді. 

Жақсы мүмкіндікті пайдалана отырып, конференция ұйымдастырушылары Қостанай жоғары медициналық колледжінің барлық қызметкерлері мен студенттерінің атынан бас мейірбике Говорушкина Екатерина Викторовнаны "Қостанай қаласының Құрметті азаматы" атағына ие болуымен құттықтап, жұмысына табыс және мықты денсаулық тіледі!  

Екатерина Викторовна студенттерге арнаған сөзінде облыстық аурухана медицина колледжінің студенттерін әрдайым күтетінін атап өтті, оларға таңдаған мамандығына адал болуға, кәсіби білімдері мен дағдыларымен бірге пациенттер медицина қызметкерінен жанашырлық, тәжірибе және мейірімділік күтетінін айтып кетті!  

Аға мейірбикелер: Руденко Зинаида Ивановна, Кусаева Саулеман Ережеповна, Байзархманова Наталья Рудольфовна өздерінің еңбек жолдары туралы студенттер алдында сөз сөйлеп, оларға жылы лебіздерін білдірді, олардың барлығында практикалық денсаулық сақтау саласында көп жылдық жұмыс өтілі бар және олардың барлығы өз кәсібін таңдауға ешқашан өкінбегендерін және әрқашан өз ісіне адал екендерін атап өтті.

Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар әдеби шығармаларды эмоционалды түсіну арқылы адамгершілік-рухани сезімдерді дамыту мақсатында «Прикоснись ко мне добротой» онлайн-челленджінің басталуына куә болды.  

Барлық топтар ұйымдастыру комитетіне жақсылық туралы өлеңдерді оқыған өз бейнероликтерін ұсына отырып, жобаның идеясын зор ынтамен қолдады.  

105 Мейіргер ісі және 112 Мейіргер ісі топтарының көрсетілген роликтері челлендждің ашылуына шын мәнінде лайықты болды. «Прикоснись ко мне добротой» жобасының қорытындысы колледж сайтында барлық бейнероликтерді орналастыру болады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ