Колледжді институциялық және мамандандырылған аккредиттеу



Колледжді институциялық және мамандандырылған аккредиттеу

2020 жылдың 14-16 қазанында Қостанай жоғары медициналық колледжінде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының Сыртқы сарапшы комиссиясы институциялық және мамандандырылған аккредиттеуі өтті.

Сарапшылар, Төрайымы - Естемесова Карлыгаш Амангельдиевна, б.ғ.к, қауымдастырылған профессор, Қарағанды Медициналық университетінің Мейіргерлік білім беру мектебінің деканы. Шетелдік сарапшы - Олейникова Татьяна Анатольевна, ф.ғ.к., менеджмент сапасы бөлімінің жетекшісі, Курск мемлекеттік медициналық университетінің доценті.

Ұлттық сарапшылар - Токбергенова Гульмира Тельмановна, п.ғ.к., "Интердент" жоғары медициналық колледжінің директоры; Кумарова Алтынай Балтабаевна – Талдықорған жоғары медициналық колледжі директорының орынбасары; Аманжолова Татьяна Кадыровна – Қазақстан-Ресей жоғары медициналық колледжі директорының орынбасары; Теслина Галина Николаевна – Нұр-Сұлтан қ. жоғары медициналық колледжінің ЦӘК төрайымы; Чадова Ирина Владимировна – Қостанай облыстық ауруханасының бас акушері; Рахымбек Мадина Галиоллакызы – Қостанай педагогикалық колледжінің 4 курс студенті.

АЕО-нан бақылаушы - Сарсенбаева Сауле Сергазиевна, м.ғ.д., МВА, профессор, Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының бас директоры.

Қостанай жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі және ұжымы атқарылған жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреді!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ