Басқаларға жақсылық жаса!



Басқаларға жақсылық жаса!

2020 жыл Волонтер жылы болып жарияланған болатын. Қостанай облысының Регион 10 іздестіру-құтқару жасағының волонтерлары Қостанай жоғары медициналық колледжіне алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету үшін жүгінді. Осыған байланысты парамедиктер мен медициналық білімі жоқ тұлғаларға арналған курс ұйымдастырылып, бағдарлама әзірленді.

Курстың негізгі мақсаты жарақаттар кезінде алғашқы шұғыл көмек көрсету және базалық жүрек-өкпелік реанимация дағдыларына үйрету болды. Құтқарушыларымыз жиі кездесетін жағдайлар. Тренингтер колледждің Симуляциялық Орталығында жоғары технологиялы манекендермен өткізілді. Манекендерде ЖӨР техникасының дағдыларын және командадағы жұмыс дағдыларын меңгеру мүмкіндігі болды. Курс аяқталғаннан кейін біздің волонтерлар оқытушылардың арнайы әзірлеген чек-парақтары бойынша дағдыларды игеру бағасынан сәтті өтті.

Осы курстың арқасында волонтерлар төтенше жағдайға тап болған адамдарға шұғыл көмек көрсете алады. Өйткені, әр секунд маңызды.

«Жарақаттар кезіндегі шұғыл көмек» курсының жаттықтырушысы: Ловинецкий Константин Владимирович

«Базалық жүрек-өкпелік реанимация» курстының жаттықтырушысы: Амренова Жайнагуль Тимирбековна








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ