Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен



Қазақстан халқының бірлігі күні 
мерекесімен

1 мамырда біздің мемлекет атаулы мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлайды. Бұл мереке 1996 жылдан бастап тойлана бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні туралы жарлыққа қол қойды. 

Қазақстан халқының бірлігі күні - бұл біздің бірлігіміз бен достығымызды, бейбітішілік пен тұрақтылықты сипаттайтын мереке. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдеріне пана болып, олардың туған үйіне айналды. 

Сонымен қатар 1 Мамыр – бұл көктемгі жаңарудың және жарқын үміттердің, бейбітшіліктің және жасампаздықтың, мейірім мен әділдіктің нышаны болып есептеледі. Аға ұрпақ адамдары үшін бұл мереке еңбекшілердің ынтымақтастығын, ал жастар үшін - көктемгі жаңаруды, болашаққа ұмтылуды білдіреді. 

Сондықтан біздің жалпы парызымыз – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, халқымыздың бірлігін нығайтып, елдегі тұрақтылықты сақтап қалу. 

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! 

Мерекелік көңіл-күй, денсаулық, табыс, амандық және біздің 
ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасына бейбітшілік тілейміз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ