«Сұлулық пен әсемдік» әскери-спорттық жарыс
Басты -> Жаңалықтар -> «Сұлулық пен әсемдік» әскери-спорттық жарыс
әскери-спорттық жарыс
2020 жылдың 5 наурызында Қостанай жоғары медициналық колледжінде Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға арналған жыл сайын өтетін «Сұлулық пен әсемдік» әскери-спорттық жарысы өтті.
Бұл жарыстарға 1-ші және 2-ші курстардың ең күшті қыздары қатысты.
Жарыс сапқа тұрудан және дене шынықтыру оқытушысы, сонымен қатар бас төреші А.С.Журперовтың баяндамасынан басталды.
Жарыс басталмас бұрын сәлемдесу және құттықтау сөздерімен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.А.Русинова сөз сөйледі.
Жарыстың бағдарламасы:
1. Магазинді оқтау;
2. Газтұтқышты кию;
3. Орыннан секіру;
4. Секіртпемен секіру;
5. Пресс дайындығы;
6. Дартс (дротиктерді көздеп ату).
Жарыс жоғары деңгейде өтті, Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері көтеріңкі көңіл-күймен және қызығушылықпен жарысып, барлық нормативтерді және жаттығуларды орындады.
Тартысты ойынның нәтижесінде:
1 орын Гумбатова Лейла – 103 МІ тобы;
2 орын Заварухина Анна – 102 МІ тобы;
3 орын Мозер Татьяна – 203 МІ тобы.
Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталып, ал жеңімпаздар студенттердің алғашқы кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.
Төреші болған студенттерге үлкен алғыс білдіреміз – Дывак Николаю 101 Стом, Потапенко Сергей 101 Стом, Лигостаева Милена 204 МІ, Корякова Василина 203 Фарм, Жаркова Ксения 203 Ем, Валинуров Вадим 102 Ем, және ҚЖМК дене шынықтыру оқытушысы А.В.Шелег.