Ұлы ақын, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көрменің ашылуы



Ұлы ақын, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көрменің ашылуы

2020 жылдың 22 қаңтарында ҚЖМК-ның оқырман залында ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заманауи Қазақстанның дамуындағы Абай тұлғасының рөлі жөніндегі «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мазмұнды мақаласына аса көңіл бөлінді. Абайдың 175 жылдығын тойлау аясында мемлекет басшысы ұлы ойшыл және ақынның шығармаларының өзектілігі мен құндылығы жайында қоғаммен бөлісіп, «өзіңнің ұлтыңды Абай сияқты қадірлеуге» шақырды. Көрмеде ақынның шығармашылық мұрасы ұсынылған, оның шығармалары бүкіл әлемге танымал және Абай әлемдік деңгейдегі ойшыл және философ. Оның «қара сөздері» осы уақыттқа дейін өзекті. Ол әрдайым біз оқуымыз қажет, басқа халықтардың озық тәжірибелеріне үйреніп, ғылымға ұмтылуымыз керек деп айтатын.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ