Ағылшын сөздерін дұрыс жазу Kazakhstan Spelling Bee 2020 конкурсының аймақтық кезеңі



Ағылшын сөздерін дұрыс жазу Kazakhstan Spelling Bee 2020
конкурсының аймақтық кезеңі

2020 жылдың 2 ақпанында Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхананың Ағылшын бұрышында ағылшын сөздерін дұрыс жазу Kazakhstan Spelling Bee 2020 конкурсының аймақтық кезеңі өтті. 

Конкурстың мақсаты - ағылшын тілінен білімдерін нығайту және қазақстандық жастар арасында америкалық мәдениетті түсіндіру. 

Конкурсқа 30 адам қатысты. Барлығы - Қостанайдың ЖОО мен колледждердің студенттері. 

Қатысушылардың міндеті — жүргізуші атаған сөздерді дұрыс әріп бойынша айту. 

Конкурстың қиындығы барлық ағылшын сөздері айтылуы бойынша жазыла бермейді. Қостанай жоғары медициналық колледжінің атынан 5 қатысушы қатысты. 202 м/і тобының студенті Мухамадиева Гульмира жүлделі орынға жақын болды, 4 орынға ие болды. 

Бірінші, екінші, үшінші орынға ие болған жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласына ұлттық конкурсқа (ұлттық кезең) баратын болады. Барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ