Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күніне арналған дәріс



Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күніне арналған дәріс

2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күні аталып өтіледі. 2003 жылы Мерида мексика қаласында Саяси конференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық келісім шарт жасалынған. Бұл халықаралық келісім шарт сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған шараларды, кінәлі адамдарды жазалауды, сонымен қатар олармен күресудегі халықаралық механизмдерді қарастырады. 

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізіп, басқа мемлекеттермен және тиісті ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге әрқашан дайын.  

11.12.2019 жылы колледждің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Е.С.Бедычтың қатысуымен дәріс өтті. Дәріс барысында келесі сұрақтар қарастырылды: коррупция – понятие и основные формы; ответственность за коррупционные преступления; профилактика коррупции в образовательных учреждениях; что необходимо делать в случае вымогательства, взятки. Бедыч Евгений Сергеевич сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мен алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының жаңа заңының ережелерімен студенттерді таныстырып кетті, сыбайлас жемқорлық жөнінде фактілерді хабарлаған тұлғаларды марапаттау жөнінде де айтып кетті. Кездесудің соңында колледж студенттері Департамент өкіліне өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ