Ағылшын сөздерін дұрыс жазу конкурсы «Spelling Bee»



Ағылшын сөздерін дұрыс жазу конкурсы «Spelling Bee»

№7 ПӘК онкүндігінің аясында 2019 жылдың 10 желтоқсанында Қостанай жоғары медициналық колледжі студенттері арасында ағылшын сөздерін дұрыс жазу «Spelling Bee» конкурсы өткен болатын. 

Конкурс Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханасының Америкалық бөлімінің қолдауымен өтті. 

Орфографиялық жарысқа 1 және 2 курс студенттері қатысты. Барлығы 33 қатысушы болды.  

Spelling Bee бірнеше кезеңдерден тұрып, сөздерді айту барысында қате жіберген студенттер ойыннан шығып отырды. Конкурстың нәтижесі бойынша 202 м/і тобының студентті Мухамадиева жеңімпаз атанды. Дороганова Татьяна (101 Фарм) және Войцех Ольга (203 м/і) 2 және 3 орындарға ие болды. Әрбір жүлдегер құндық сыйлыққа ие болды. 

Spelling Bee ағылшын тілін үйренуде студенттерге жақсы бастама болып есептеледі.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ