Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Қостанай қаласы колледждерінің студенттері арасындағы волейболдан жарыс
Басты -> Жаңалықтар -> Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Қостанай қаласы колледждерінің студенттері арасындағы волейболдан жарыс
қаласы колледждерінің студенттері арасындағы волейболдан жарыс
2019 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Қостанай колледжінің студенттері арасында волейболдан жарыс өтіп, қаламыздың үздік командалары қатысты. Жарыс Политехникалық жоғары колледж базасында өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде облысымыздың білім бөлімінің өкілдері және ҚЖПК директоры Каткенов К.А. құттықтау сөздерімен сөйлеп, политехникалық колледжінің бишілер тобы өнер көрсетті.
Тартысты ойынның нәтижесінде дене шынықтыру оқытушысы А.С.Журперовтың басшылығымен Қостанай жоғары медициналық колледжінің қыздар құрама командасы 3 орынға ие болды. ҚПЖК мен ҚИПК қыздары 1-ші және 2-ші орынға ие болды.
301 «Мейіргер ісі» тобының студенті Кожахмет Айым үздік шабуылшы атанды. Оған фирмалық сөмке және құрмет грамотасын берді.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. медколледждің қыздар құрама командасы ақшалай сыйақымен марапатталды.
Мед.колледж - Чемпион,
И мы – Лучшие!
Мы не обещаем,
Мы делаем!