«Ұрпақтардың кездесуі» іс-шарасы



«Ұрпақтардың кездесуі» іс-шарасы

4 желтоқсанда колледждің мәжіліс залында студенттер қадірлі қонақтарды, колледжіміздің әр жылдарындағы түлектерін қарсы алды.  

Іс-шара «Ұрпақтардың кездесуі» форматында өтіп, іс-шара барысында «Мы славим тебя, наш колледж» презентациясында түлектердің құттықтаулары көрсетілді

Кездесуге «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қостанай облыстық филиалының төрайымы Булгацевич Татьяна Борисовна, жоғары біліктілік санатты дәрігер акушер-гинеколог, м.ғ.к., денсаулық сақтау менеджері Чадова Ирина Владимировна, «Қостанай облыстық ауруханасының» бас акушеркасы Шаповалова Илона Валерьевна, «Қостанай қалалық ауруханасының» бас мейірбикесі және «Қостанай облыстық балалар аурухасының» бірінші біліктілік санатты травматолог-ортопед, травмвтология және ортопедия бөлімінің дәрігері Ельжасов Мирас Болатханович шақырылды.

Қонақтар қай жылдары оқығандары, қандай пәнді ұнатып, қандай пәнді керісінше ұнатпағандары туралы, өздерінің педагогтары мен бірге оқыған курстастары жайлы әңгімелеп берді. Қызықты ойынға белсенді қатысып, колледждің тарихын еске түсірді, презентациядағы слайдтарда өздерінің жас кездерін көріп, естеліктерімен бөлісті. 

Кездесуден естелік ретінде студенттер мерейтойлық сыйлықтар ұсынып, концерттік номерлер көрсетті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ