301 «Емдеу ісі» тобының облыстық жедел шұғыл көмек станциясының әкімшілігімен кездесуі



301 «Емдеу ісі» тобының облыстық жедел шұғыл
көмек станциясының әкімшілігімен кездесуі

5 желтоқсанда 301 «Емдеу ісі» тобы емдеу облыстық жедел шұғыл көмек станциясының әкімшілігімен, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары П.А.Бурда, бас дәрігердің сапа жөніндегі орынбасары В.С.Саркисян және бас фельдшер С.В.Стасинмен кездесті. 

Колледж директоры Катпенова С.А. жедел көмек фельдшерлерінің жауапты жұмысы мен бас дәрігер И.А. Штейгервальдтың арқасында жедел көмек станциясымен өзара тиімді қарым-қатынас туралы айтып кетті «Облыстық жедел көмек көрсету станциясымен көп жылдар бойы тұрақты серіктеспіз және осы серіктестік өз нәтижесін көрсетуде. Станцияның 95% қызметкерлері– біздің колледждің түлектері». 

Бузина С.П., бөлім меңгерушісі алдыда тұрған практика жайында айтып кетті, 8 студент квота бойынша білім алуда, олар облысымыздың аудандарында жұмысқа орналасатын болады. 

Бурда Павел Андреевич жедел көмектің заманауи жабдықтары, жедел көмек бригадасының жұмыс принциптері, жедел көмек станциясы қызметкерлерінің білімдері мен іскерліктерін жетілдіру үшін үнемі оқудан өтетіндіктері жөнінде әңгімелеп берді. 

Саркисян Виктор Саркисович фельдшр жұмысындағы тиімді коммуникативті дағдыларға тоқталды. Станцияның ұйымшыл ұжымында қалыптасқан дәстүрлер жайында айтты.  

Стасин Сергей Владимирович студенттерге фельдшер жұмысының психологиялық ерекшеліктері, қатер туралы әңгімелеп берді. 

Студенттер алдағы практика жайында, жедел көмек станциясындағы жұмыс, колледжді аяқтағаннан кейін ЖОО-на түсу мүмкіндігі туралы сұрақтар қойды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ