«Жастар ортасында АИТВ инфекциясының алдын алу»



«Жастар ортасында АИТВ инфекциясының алдын алу»

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығының (5 қарашадан 5 желтоқсанға дейін) аясында 1 курс студенттеріне арналған «Жастар ортасында АИТВ инфекциясының алдын алу» семинар-тренингі өткізілді. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы адамның иммундық жүйесінің жасушаларын имитациялап, олардың қызметтерін әлсіретіп және бұзатын ретровирус болып табылады. Инфекцияның ерте кезеңінде адамда белгілері көрінбейді. Бірақ инфекция дамыған сайын иммундық жүйе әлсіреп, адам ауруларға қарсы тұра алмайды. 

Семинарда студенттер АИТВ-инфекциясының жұқтыру жолдары мен алдын алу жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар дүниежүзіндегі, Қостанай облысындағы және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты. Бұрын АИТВ-инфекциясын жұқтыру бойынша біздің облысымыз Республика бойынша 5-ші орында болса, қазіргі уақытта 6-шы орынға жылжыған. Алдын алу - бұл АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы қолданылатын барлық шаралардың негізі.  

Барлық қатысушыларға «Защититься от ВИЧ – инфекции легко!», «Знать, чтобы жить» және т.б. ақпараттық-білім беру материалдары үлестірілді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ