Мемлекеттік мереке-Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты жиналыс


Мемлекеттік мереке-Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты жиналыс

2019 жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні тойланады. Қазақстан Парламенті 2011 жылы Тұңғыш Президент Күні мемлекеттік мереке туралы заң қабылдады. 

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен сайлауда Нурсултан Абишевич Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы - ол тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастыруда үлкен үлес қосқан тұлға. 20 жыл бойы Тұңғыш Президент Н.А.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 

29 желтоқсанда мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. 

Тарих пәнінің оқытушысы Азтаева А.Т. «Н.А. Назарбаев: биография» биографиялық кітап жайында әңгімеледі, бұл кітап Елбасы өзінің өмірі жайында баяндайтын сұхбат-кітап. Бұл кітапта ауыл баласынан ұлттық көшбасшысына дейінгі жолы жазылған. 

Колледж директоры Катпенова С. А. Елбасының саяси жолының негізгі кезеңдеріне тоқталып кетті. Сауле Атантаевна біздің мемлекетіміздің жаңа тарихы тікелей Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланысты екендігін атап кетті. Оның басшылығымен кең ауқымдағы экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып әлемдік танымалдыққа ие болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ