Халықаралық толеранттылық күніне арналған іс-шара
Басты -> Жаңалықтар -> Халықаралық толеранттылық күніне арналған іс-шара
21 қарашада 101 және 102 «Емдеу ісі» тобының студенттері үшін халықаралық толеранттылық күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараны 202 «Емдеу ісі» тобы ұйымдастырды.
16 қарашада Халықаралық толеранттылық күні аталып өтіледі. Бұл шешімді 1995 жылы 16 қарашада Парижде білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері - мемлекеттер қабылдаған болатын.
Іс-шараның басында жүргізушілер толеранттылық сөзінің мағынасына, тарихына тоқталып кетті, кейін викторина өткізіліп, тәтті сыйлықтармен марапаттау жүргізілді.
Студенттерге толеранттылықты көрсету көріністері қойылып, нақты жағдайларды талқылау ұсынылды.
Іс-шараның соңында қатысушылармен бірге флешмоб өткізілді.