«Әлеуметтік серіктестермен әрекеттесу жүйесі білім кеңістігін дамыту факторы ретінде» пленарлық отырысы



«Әлеуметтік серіктестермен әрекеттесу жүйесі білім кеңістігін дамыту факторы ретінде» пленарлық отырысы

15.11.2019 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжінің базасында «Әлеуметтік серіктестермен әрекеттесу жүйесі білім кеңістігін дамыту факторы ретінде» пленарлық отырысы өтті

Пленарлық отырысқа қатысқандар

Сыдыкова Сауле Ильясовна, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің ғылым және адами ресурстар Департаментінің директоры, м.ғ.к. Бексултанова Анжела Айдарбековна, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары.

Байгожина Зауре Алпановна, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының медициналық білімді дамыту бөлімінің басшысы, м.ғ.к.

ҚЖМК-нің әлеуметтік серікестері, соның ішінде бас дәрігерлер: Моисеев Юрий Сергеевич, Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері.

Ирина Анатольевна Штейгервальд, Қостанай облыстық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы.

Бисенова Маргарита Викторовна, Қостанай қаласының №4 Емханасы. Шаповалова Илона Валерьевна, Қостанай қалалық аурухананың бас мейірбикесі, Колледждің педагогикалық кеңесінің мүшесі.

Сонымен қатар ҚР мен РФ-ның медициналық колледждерінің жетекшілері және өкілдері. Барлығы 56 қатысушы.

Пленарлық отырыстың мақсаты әлеуметтік серіктестермен әрекеттесу жүйесіндегі мейіргер ісін дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру және енгізу барысымен байланысты сұрақтар шеңберін талқылау, әлеуметтік серіктестіктің проблемалары және перспективалары болды.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің ғылым және адами ресурстар Департаментінің директоры, м.ғ.к. Сыдыкова Сауле Ильясовна сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстандағы мейіргер ісін дамыту стратегиясының өзекті сұрақтарын көтерді. Баяндамасында «Время, когда медицинская сестра выполняла роль правой руки и помощника врача осталось в прошлом. На сегодняшний день медицинская сестра является самостоятельным специалистом, который ведет прием пациентов. Но, несмотря на принимаемые реформы в сестринском деле, все еще существует ряд проблем, которые препятствуют развитию специальности. К таким проблемам относятся: неготовность населения к индивидуальному приему медицинских сестер, неготовность врачей делегировать полномочия к медицинским сестрам, считая их лишь помощниками врача, отсутствие стандартизированных процедур и отсутствие карьерной лестницы. Все вышеперечисленные проблемы, требуют комплексных решений» деп айтылған. Сонымен қатар Сыдыкова С.И. өз сөзінде – «В новой модели сестринской службы МК и ВМК должны будут отвечать не только за качественную подготовку медицинских сестер, но также должны будут активно сотрудничать с высшими учебными заведениями, обмениваться опытам, повышать уровень преподавателей и студентов, и главное будут создавать условия для обеспечения триединства науки, практики и образования в сестринском деле, так как университеты имеют огромный клинический потенциал. Это все показывает что медицинские колледжи являются центральным звеном в предоставлении в практическое здравоохранение качественно подготовленных медицинских сестрах. В связи с этим колледжи будут и дальще институционально совершенствоваться, становиться центрами передовых практик, и требования к их материально-технической и педагогической обеспеченности будет возрастать» делінген.

Байгожина Зауре Алпановна, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының медициналық білімді дамыту бөлімінің басшысы, м.ғ.к., әртүрлі дайындық деңгейлерімен (ТжКО, қолданбалы бакалавриат, академиялық бакалавриат, магистратура) мейіргер ісі мамандарының кәсіби ортасын дамыту сұрағын талқылады.

Оңтүстік-Орал мемлекеттік медициналық университетінің Медициналық колледжінің директоры Кузьмина Светлана Александровна Челябі қ., ООММУ медициналық колледжі түлектерінде жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастырудағы әлеуметтік серіктестік жөнінде айтып кетті.

Қостанай облысының медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері денсаулық сақтау саласындағы реформалардың бағытын қолдап, орта медициналық буынның болашақ мамандары мен «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен мейіргер ісі мамандарын дайындау бойынша Қостанай жоғары медициналық колледжімен өзара тығыз қарым-қатынастарын атап кетті.

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Моисеев Ю.С. мейірбикенің беделін көтеру, менторларды дайындау және орта буынды медициналық қызметкерлердің білім деңгейлерін Қолданбалы бакалавр біліктілігіне дейін арттыру бойынша ҚЖМК-мен бірлескен жұмыс жүргізетіндігін атап кетті. Қостанай облыстық жедел шұғыл көмек көрсету станциясының бас дәрігері И.А. Штейгервальд «Фельдшер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының медициналық қызметкерлерін дайындау маңыздылығын қозғады. «Қостанай жоғары медициналық колледжі Қостанай облыстық жедел көмек станциясы үшін мамандармен қамтамасыз ететін негізгі және басты жеткізуші болып табылады» дейді Ирина Штейгервальд, - «…сондықтан біз студенттермен бірінші және екінші курста жұмыс істеуді бастаймыз, ашық есік күнін өткізіп, болашақ мамандар жедел көмек фельдшерінің жұмысымен танысады».

Осы жылы Қостанай жоғары медициналық колледжінің 30 түлегі Жедел көмек көрсету қатарын толықтырды.

Бисенова Маргарита Викторовна Қостанай қаласының №4 емханасының бас дәрігері, колледж бен медициналық ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығы жайында айтып кетті, ....қазіргі уақытта мейірбикелер менторлар ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруда....

Қостанай қалалық ауруханасының бас мейірбикесі Шаповалова И.В. өз сөзінде қалалық аурухана ҚЖМК-нің басты клиникалық базасы екендігін атап өтті, қалалық аурухана базасында студенттер өндірістік практикадан өтіп қана қоймай, аурухана ғимаратында арнайы жабдықталған кабинеттерде практикалық дағдыларын жетілдіреді.

Жалпы пленарлық отырысқа қатысқандар медициналық ұйымдардың ҚЖМК-мен өзара әрекеттестігін айтып, сонымен қатар Қостанай жоғары медициналық колледжінің жұмыс тәжірибесін қолдану дайындықтары жөнінде өз пікірлерін білдірді. .

Срок исполнения до 1 декабря 2019 года.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ