«Емдік дене шынықтыру,массаж» пәнінен ашық сабақ



«Емдік дене шынықтыру,массаж» пәнінен ашық сабақ

№2 циклдік әдістемелік комиссиясының онкүндігі аясында арнайы пәндердің оқытушысы Кудрявцева Надежда Насиповна «Тыныс алу ағзаларының ауруы кезіндегі емдік дене шынықтыру» тақырыбында «Емдік дене шынықтыру, массаж» пәнінен ашық сабақ өткізген болатын. Сабақ барысында оқытушының оқу жағдайына байланысты кәсібилігі, интерактивті өзара қызметтесу байқалды. Оқытушы болашақ медициналық қызметкердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруына әсер ететін оқытудың әдістері мен формаларын, әртүрлі технологияларды пайдаланды. Білім алушылар зерттеудің негізгі әдістерін (антропометрия, соматоскопия), физикалық жүктеме кезіндегі бақылау сынақтарымен және әдістерімен танысты. Тыныс алу жүйесінің ауруымен сырқат пациенттерге арналған таңертеңгі жаттығуды жүргізуді, Кетле, ЖЕЛ индекстерінің көмегімен пациенттің жағдайын бағалауды үйренді. 

Надежда Нисиповна оңтайлы жағдайды қалыптастырып, қолайлы жұмысқа қабілеттілік деңгейін ұстана біледі.

Оқытушының өзінің жеке кәсіби қызметінң стилі бар және үнемі табысқа ұмтылады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ