«Акушерия мен гинекологиядағы мейіргер ісі» пәнінен ашық сабақ



«Акушерия мен гинекологиядағы мейіргер ісі» пәнінен ашық сабақ

Арнайы пәндердің №2 циклдік әдістемелік комиссиясының онкүндігі аясында оқытушы Надворная Юлия Юрьевна «Жүктіліктің физиологиясы және диагностикасы» тақырыбы бойынша «Акушерия мен гинекологиядағы мейіргер ісі» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақта барлық кезеңдерде студенттердің өзіндік жұмыстары жақсы ұйымдастырылған. Оқыту барысында білім алушылар мен оқытушы арасында серіктестік атмосферасы болды.

Сынақ манипуляциясы кезінде студенттер сабақта үйренген іскерліктері мен дағдыларын көрсетіп, практикалық қызметте өздерін сенімді ұстады. Әйел жамбасы мен ұрықтың басы бойынша студенттік «Медициналық консилиум» белсенді және қызықты өтті. «Домино» ойынының практикалық маңыздылығы жоғары, себебі онда жүктіліктің белгілерін анықтауға арналған тапсырмалар енгізілген. Ұсынылған жағдаяттық тапсырмалар біздің мейірбикелердің жоғары дайындықтарын тағы бір рет дәлелдеді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ