Серіктестікті нығайту



Серіктестікті нығайту

Студенттердің практикалық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін меңгеру мақсатында ҚОӘДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК басшылығы практика базалары ретінде белгіленген 45 ұйыммен 2 жақты және 3 жақты серіктестік туралы келісім шарт жасаған болатын.

Сондай әлеуметтік серіктестіктердің бірі дәрілік заттарды және медицинада тағайындалған аспаптарды сатуды ұйымдастыру саласындағы Қазақстанның көшбасшысы «СТОФАРМ» ЖШС болып табылады.

2019-2020 оқу жылының басында «СТОФАРМ» ЖШС мейіргерлік технологиялар кабинетін қосымша жабдықтау үшін демеушілік көмек көрсетті. «СТОФАРМ» ЖШС-нің бас директоры Жуманов Бауыржан колледж басшылығына тамырішіне инъекция жасауға арналған көп қызметті қолдың моделін сыйға тартты, ал колледж директоры өз кезегінде әлеуметтік серіктестіктерге алғыс хатты табыстады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ