Президенттің жолдауы



Президенттің жолдауы

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Парламент палатасының бірлескен VI отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады. Өз сөзінде мемлекет басшысы экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы маңызды шешімдерді айтып, Үкімет пен Парламентке бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл жолдау Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы болғандықтан ғана емес, сонымен қатар қоғамда көп талқыланатын тақырыптар қозғалғандықтан халыққа қызықты болды.

Мемлекет басшысы жақын уақытта елдің қалай дамитынына өз көзқарасын білдірді. Стратегиялық құжатта әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару мен экономиканы реттеу сұрақтары қозғалған.

Қостанай жоғары медициналық колледжінің педагогтары мен студенттері республикалық «Хабар» телеарнасынан көрсетілген президент жолдауын зор ықыласпен тыңдады, 2020 жылды - Волонтерлік жыл деп жариялауы көпшілікке ұнады. Президент волонтерлік - жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатын жастардың ісі екендігін айқын айтып кетті.

Қостанай жоғары медициналық колледжінде волонтерлік қозғалыстың дамуына және өркендеуіне көп көңіл бөлінеді, ал үкіметтің қолдауы жаңа перспективалар мен мүмкіндіктерге жол ашады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ