«Менторство — как ключ к успеху: зажги звезду»
Басты -> Жаңалықтар -> «Менторство — как ключ к успеху: зажги звезду»
2019 жылдың 9 қыркүйегінде «Золотой Фазан» демалыс базасында «Менторство — как ключ к успеху: зажги звезду» менторлық-жастар кемпингі өтті. Жоба Қазақстандағы жастар жылының аясында ҚР-ның қоғамдық даму және ақпарат Министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАБ қолдауымен «KAZBRANDS» ҚҚ ұйымдастырды.
Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері аталған іс-шараға белсенді қатысты.
Студенттерге барлығы ұнады: ашылу салтанатында студенттер өздері қатысқан әсерлі флешмоб, ең үздік жаттықтырушы Нуров Даурен өткізген секция жұмысы.
Жастардың проблемалары және оларды шешу жолдары, жеке тұлға және кәсіби өсу сұрақтары - осы тақырыптарды менторлар студенттермен талқылады. Студенттердің ойлары бойынша олар көп қызықты ақпаратқа ие болды.