"Болашағыңды бүгін таңда!" акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> "Болашағыңды бүгін таңда!" акциясы
22-25 маусым аралығында Қостанай жоғары медициналық колледжінің еріктілері Қостанай қаласының әр жерінде, «МАRT» және «ЦУМ» СКШ жанынан бастап, орталық саябақ, Тобыл өзенінің маңында және «Жастар саябағында» аяқталған "Болашағыңды бүгін таңда!" акциясын өткізді. Аталған акцияның мақсаты – мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кәсіби білім беру ұйымын таңдауға көмектесу болды.
Көшеде еріктілер 14-20 шамасындағы жасөспірімдерге буклеттер-визиткалар таратты, жастар қызығушылық танытып, ұсынған ақпарат қағаздарын алып, сұрақтарын қойды.
Еріктілер акцияны өткізу барысында бейтаныс адамдармен жақсы көңіл-күйлерімен бөлісіп, тиісті ақпараттарды жеткізді.
Барлығы 180 дана буклет-визитка таратылды.