Қостанай жоғары медициналық колледжіне ҚР-ның Парламент Мәжілісінің депутаты келді



Қостанай жоғары медициналық колледжіне
Депутат Парламента Мажилиса РК

27 тамызда жаңа оқу жылының қарсаңында Қостанай жоғары медициналық колледжіне Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері, тележүргізуші Платонов Артур Станиславович келді.

Кездесу барысында Платонов А. білім беру ұйымының жұмыс жүйесімен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен және Аймақтық симуляциялық орталығымен танысып, жұмыс орнындағы оқытушылармен әңгімелесті. Сонымен қатар колледждің мұражайында болып, колледж тарихына ұқыпты қарағандары үшін түлектер мен оқытушыларға алғыс білдіріп, мұражайда сақталған әдебиеттер мен тарихи экспонаттардың құнды екендігін атап кетті.

Колледж бойынша экскурсиядан кейін Артур Платонов оқытушылармен кездесіп, реформаларды жүргізу кезеңінде болашақ медициналық мамандарды дайындаудың өзекті сұрақтарын, сонымен қатар әлеуметтік және саясаттық сұрақтарды емін-еркін талқылады.

Жалпы Мәжіліс депутаты Платонов А. колледж басшысына, оқытушыларға еселі еңбектері үшін алғыс айтты. Колледждің ұжымына, материалдық-техникалық базасына және медициналық білім беру жүйесін жаңарту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісіндегі колледждің жетістіктеріне жоғары баға берді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ