2 курс студенттері арасындағы мейіргерлер конкурсы



2 курс студенттері арасындағы мейіргерлер конкурсы

№3 ПӘК онкүндігінің аясында 2019 жылдың 23 мамырында Қостанай жоғары медициналық колледжінде мейіргер күніне орайластырған «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенттері арасында мейіргерлер конкурсы өтті.

Конкурсқа 2 курстың үш студенті қатысты:
- Абдрахманова Индира, 201 «Мейіргер ісі» тобының студенті,
- Кинтаева Асель, 202 «Мейіргер ісі» тобының студенті,
- Айтпаева Мадина, 204 «Мейіргер ісі» тобының студенті.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде қатысушылар алдын -ала әзірлеген «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы презентацияларын көрсетті.
Екінші кезеңде «Своя игра» форматында блиц-сұрақ өткізілді.
Үшінші кезеңде қатысушылар үш станциядан өтті: «Коммуникативтік дағдылар», «Емшара кабинеті», «Шұғыл көмек».

Қатысушылар станциялардан өту барысында жанкүйерлерге «Диагнозды анықта» ойыны ұсынылды. Ойынның барлық қатысушылары тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Конкурстың қорытындысы:
Бірінші орын
 -Абдрахманова Индира, 201 «Мейіргер ісі» тобының студенті,
Екінші орын  - Кинтаева Асель, 202 «Мейіргер ісі» тобының студенті,
Үшінші орын  - Айтпаева Мадина, 204 «Мейіргер ісі» тобының студенті.

Конкурстың барлық қатысушылары студенттік кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ