Кішкентаевтар отбасымен кездесу


Кішкентаевтар отбасымен кездесу

14 мамырда Халықаралық отбасы күні қарсаңында Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері қонаққа көпбалалы Кішкентаевтар отбасын шақырды!

Көпбалалы ана Айжан Амангельдиновнаның сөзі бойынша отбасының барлық мүшесі шақыртуға қуанып, студенттерге қонаққа келуге бірден келіскен.

Болашақ акушерлер, «Емдеу ісі» бөлімінің 103 тобы қонақтарды «Рухани жаңғыру» залында қарсы алды, жүргізушілер Корякина Василина және Хан Юлия іс-шараны сәлемдесу сөздерімен бастап, қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.

Қостанай ауданының Затобол ауданында тұратын Айжан Амангельдиновна мен Ербулат Жолмаковичтің көпбалалы отбасы алты баланы тәрбиелеп отыр: үлкен ұлдары 24 жаста, кенже қыздары Амина 3 жаста. Аналарының мейірімді жүзі мен балалардың келбетіндегі күлкі отбасындағы мейірімділік пен сүйіспеншіліктің дәлелі ретінде болды. Ең бастысы балалар ата-ананың махаббатына бөленген.

Студенттер өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойды: Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз? Отбасы мүшелерінің ең сүйікті тағамы? Өзіңізге және басқаларына қалай үлгіресіз? Отбасыңызға әркімнің міндеті қандай? Барлық сұрақтарға студенттер жауаптар алды. Ал кішкентай балаларға жұмбақтардың жауабын табу ұсынылды, тәтті сыйлықтар үлестіріліп, кейін мультфильм көрсетілді!

Кездесудің соңында жүргізушілер Кішкентаевтардың отбасы біздің студенттерге үлгі болады деген сенім білдірді.

Кездесуден естелік ретінде көпбалалы отбасына бақытты отбасы мен ұрпақ жалғасының символы ретінде «үйрек» сыйға тартылды.

Студенттерге Кішкентаевтардың отбасымен кездесу ұнап, қатты әсер қалдырды.

Бұл жылы кездесу – коллеждегі студенттердің өмірінің тағы да бір естелігі. Бұндай кездесулер отбасылық дәстүрлерді сақтауға, аналардың әлеуметтік маңыздылығын арттыруға, жастардың өз болашақтарына жауапкершілікпен қарауға өз үлесін тигізеді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ