Облыстық деңгейде озық педагогикалық тәжірибені жинақтау


Облыстық деңгейде озық педагогикалық тәжірибені жинақтау

30 сәуірде Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасының конференц-залында техникалық және кәсіптік білім берудің әдістемелік кабинетінің Облыстық әдістемелік Кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында әдістемелік кеңес мүшелері арнайы пәндердің оқытушысы С.В.Шулейконың «Пәнаралық біріктіру студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу негізі ретінде» тақырыбындағы озық педагогикалық тәжірибесі қарастырылды. Озық тәжірибесінің теориялық және практикалық бөлімін Светлана Вдалимировна 2019 жылдың 17 сәуірінде медициналық колледж базасында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Заманға сай білім беру технологиялары жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асырудың табысты шарты ретінде» облыстық семинар барысында көрсеткен болатын.

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ